Берікқара қорымы нысанына мониторинг жұмыстарын жүргізілді
08.05.2026
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің бірі — Берікқара қорымы нысанына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Аталған ескерткіш Жуалы ауданы аумағындағы Қарабастау ауылы елді мекенінен оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан.
Мониторинг барысында ескерткіштің қазіргі жай-күйі зерделеніп, мемлекеттік жер актісін рәсімдеу және қорғау аймақтарының шекарасын нақтылау мақсатында географиялық координаттары алынды. Сонымен қатар, нысан аумағының сақталу деңгейі тексеріліп, тарихи-мәдени мұраны қорғау және сақтау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді.
Аталған шаралар тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, қорғау және келешек ұрпаққа аман жеткізу мақсатында жүзеге асырылуда.
