Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Балаларды қорғау күніне орай танымдық экскурсия өтті

01.06.2025
Балаларды қорғау күніне орай танымдық экскурсия өтті
       Балаларды қорғау күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Ұлболсын Әлімханова мен «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының туристік-өлкетану үйірмесінің жетекшісі Крокошева А.В. Ақыртас архитектуралық-археологиялық кешеніне танымдық экскурсия ұйымдастырды.
       Экскурсия барысында жас өлкетанушылар ортағасырлық бірегей сарай кешенінің қирандыларымен танысып, көне аңыздар мен қызықты әңгімелерді тыңдады. Сонымен қатар, визит-орталықтағы археологиялық көрмені аралап, тарихи жәдігерлерді тамашалады.
       Іс-шара соңында оқушыларға арналған өлкетану байқауы өткізіліп, балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды. 
       Бақытты балалық шақ – барлығымыздың ортақ арманы! 
 

Бөлісу: