Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Қазақстан мәдени туризмнің әлеуеті

25.02.2022
Қазақстан мәдени туризмнің әлеуеті

Бүгінгі күн жақсы жаңалықтарымен бастау алды, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен «Қазақстан мәдени туризмнің әлеуеті» атты тақырыбының аясында музей-қорықтарының қызметкерлерінің қатысуымен республикалық онлайн-форум өтті.

Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Бықыбаев Нұрлан Дүйсеналіұлы «Қорық-музейдің туризм саласын дамытудағы рөлі мен қазіргі таңдағы жағдайы» атты тақырыбы бойынша баяндама жасады. Форум барысында туризмді дамытудағы музей-қорығының ролі мен аумақтардағы тарихи-мәдени мұра объектілері сақтау,зерттеу,насихаттау жұмыстарын ілгерілету жолдары талқыланды.

Бөлісу: