Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Ашық есік күні аясында 9-сынып оқушылары Қарахан кесенесінде болды

19.05.2026
Ашық есік күні аясында  9-сынып оқушылары Қарахан кесенесінде болды
 
Ашық есік күні аясында И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары Қарахан кесенесінде болды.
 
Танымдық кездесу барысында оқушылар ортағасырлық сәулет ескерткішінің тарихымен танысып, кесененің архитектуралық ерекшеліктері мен тарихи маңызы туралы мәлімет алды.
 
Экскурсия кезінде оқушыларға Қарахан дәуіріне қатысты деректер айтылып, өңір тарихындағы киелі орындардың маңызы түсіндірілді.

Галерея

Бөлісу: