Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Ақынжанов оқулары – 2026» ғылыми конференциясынан әріптестеріміз сертификаттарға ие болды

27.04.2026
«Ақынжанов оқулары – 2026» ғылыми конференциясынан әріптестеріміз сертификаттарға ие болды
          2026 жылдың 20–22 сәуірі аралығында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Ақынжанов оқулары – 2026» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
             Аталған ғылыми коференцияға «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкерлері Мадина Мананбайқызы мен Гүлмарал Үшкемпірқызы қатысып, өз ғылыми ізденістерімен бөлісті.
             Конференция қорытындысы бойынша әріптестеріміз арнайы сертификаттарға ие болды. Бұл – ғылым жолындағы табанды еңбектің, кәсібилік пен ізденістің жарқын нәтижесі. Осындай жетістіктер отандық ғылымның дамуына серпін беріп, жаңа белестерге жетелейді!

Галерея

Бөлісу: