«Ақтөбе қалашығының қалалық құрылымының қалыптасуы мен мәдени қабаттарының археологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы мақаласы
13.05.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызының «Ақтөбе қалашығының қалалық құрылымының қалыптасуы мен мәдени қабаттарының археологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы мақаласы «ULY DALA MURASY» ғылыми журналында жарияланды.
Мақалада ортағасырлық Ақтөбе қалашығының ішкі құрылымы мен ғасырлар бойы жинақталған мәдени қабаттарының ерекшеліктері археологиялық деректер арқылы ашылады. Қазба барысында табылған деректер негізінде қалашықтың өмір сүру кезеңдері мен тарихи келбеті тың қырынан сипатталады.










