«Ақкөл тұрағының Қазақстандағы палеолиттік ескерткіштер ішіндегі маңызы мен ерекшелігі» тақырыбында дәріс
30.09.2026
Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің 1-курс студенттеріне «Ақкөл тұрағының Қазақстандағы палеолиттік ескерткіштер ішіндегі маңызы мен ерекшелігі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы жүргізді. Дәріс барысында Ақкөл тұрағының зерттелу тарихы, палеолит дәуіріндегі орны және археологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Сондай-ақ ескерткішті зерттеу мен сақтау мәселелері қамтылды.


