Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«АЛТАЙ – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ X ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

15.10.2026
«АЛТАЙ – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ X ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Өскемен қаласында түркітанудың ғылыми мұрасы, дәстүрлері мен заманауи зерттеулеріне арналған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты X халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
 
Конференцияға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Шалкеева Жұлдыз Мұханқызы қатысып, «Құлан қалашығының сарай кешені: сәулеттік ерекшеліктері мен қабырға граффитилерін тарихи-археологиялық талдау» тақырыбында баяндама жасады.
 
Конференция ғылыми тәжірибе алмасуға және түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Бөлісу: