№7 қалалық емхана қызметкерлеріне экскурсия өткізілді
12.11.2021
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты нысандармен таныстыру мақсатында №7 қалалық емхана қызметкерлеріне экскурсия жүргізлді. Экскурсия барысында шаһардың шырайын кірігізіп, ажарын ашып тұрған ортағасырдың інжу-маржаны Айша Бибі, Бабаджа-Хатун кесенелерінің құрылу тарихы туралы халық аңыздарын баяндалды. Содан кейін Қарахан (Әулие-Ата) және Дәуітбек (Шомансұр) кесенелерімен танысуды жалғастырды.



