№23 орта-мектебіндегі жылжымалы көрме
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №23 орта-мектебінде жылжымалы көрме өткізді. Оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңде басылған тиындар, қазандар, табақтар, құмандар, шырағдандар, құмыралар сияқты заттардың тарихымен танысты. Құнды жәдігерлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, нас...
Толығырақ