Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / О музее / Фонд музея / Акция «Дар музею» / Кездейсоқ табылған артефактілер

Кездейсоқ табылған артефактілер

04.03.2022 ж. Тараз қаласының тұрғыны Бейсекеев Аманат №14 жаңа қалалық тұрғын үй шағын ауданының құрылысы кезінде кездейсоқ табылған артефактілер туралы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына хабарлады. Музей-қорығының қызметкерлері артефакт табылған орынға барып, танысты. Кездейсоқ табылған жәдігерлердің ішінде 2 үлкен құмыраның бөліктері болды. Құрылысшы қызыл сазбалшықтан жасалған үлкен қыш хұм ыдысының бөліктерін музей қорына тапсырды. Құрылысшының айтуынша,  құмыра бөліктері жердің сазды-тасты қабатында 2-2,5м тереңдіктен табылған. Осыған ұқсас қыш хұм ыдыстары Тараздың X-XII ғғ. мәдени қабаттарында табылған. Тараз диханшыларының дәнді дақылдарды сақтау үшін пайдаланғаны белгілі.