Новости
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ақбұлым «Аудандық мәдениет үйінде» «Ауылым- алтын бесігім» атты өнер фестивалі өтті. Іс-шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ауыл қонақтарына «Тараздың көне тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады.
Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Сондай-ақ, келуші қонақтар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің білімгерлеріне «Көне тарих куәсі» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Дәріс барысында: Музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен әртүрлі аңыз, әңгімелер айтылды.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына «Ескерткіштер – елдіктің бейнесі» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Дәріс барысында: Музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен әртүрлі аңыз, әңгімелер айтылды.
Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі Республика күніне орай, «Жасампаз Жамбыл өңірім» тақырыбында облыстық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Ілкі дәуірдегі – Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады. Іс-шара Тараздың ежелгі замандардан қазіргі кезеңге дейінгі бай тарихы мен Жамбыл өңірінің мәдени-тарихи мұраларын және тарихи тұлғаларын насихаттап, студенттердің өлке тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Тарих ғылымдарының кандидаты, «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б. А. Джурсинбаев, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің PhD доктор, «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының меңгерушісі А. Серубаева, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Тарих кафедрасының магистрі З. С. Сейдан, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорғының ғылыми қызметкерлері М.Мананбайқызы, Ұ.Х.Алимханова қатысып, пленарлық секцияда өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар конференциядағы студенттердің жұмысына әділ-қазылық етті.
Іс-шара аясында музей-қорық қызметкері Мадина Мананбайқызы «Тарихы терең – Тараз» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды. Сонымен қатар, студенттер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында колледж ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғыс білдірді.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Тараз – 2000» ғимаратында жөндеу жұмыстары жалғасуда, қызметкерлер сырлау жұмыстарын жасауда.