Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости
          Тарихтың тереңіне үңіліп, өрнектердің үнін тыңдап көрдіңіз бе?
          Әрбір сызық пен таңба — бабаларымыздың әлемге қалдырған ізі.
          "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының "Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Ақерке Ерғабылқызы №125 мектептің 8 «Ә» сыныбына «Өрнек пен өркениет: мәдени сабақтастықтың археологиялық көрінісі» тақырыбында танымдық сабақ  өткізді.
         Оқушылар археологиялық деректер арқылы мәдени сабақтастықтың маңызын танып, өткен мен бүгінді байланыстыратын рухани көпірдің мәнін ұғынды.
 
 
 

Ежелгі Тараздың айналасында қаншама құпия көмулі жатқанын білесіз бе?.. «Ақкөл тұрағы» — соның бірі. Бұл орын адамзаттың мыңдаған жыл бұрынғы өмірінен үн қатып тұрғандай… Осы ерекше нысан жайында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының ғылыми қызметкері Исаева Улжан радио эфирінде ой бөлісті. Тарихтың тереңіне үңілгіңіз келсе — алдағы жазбаларды жіберіп алмаңыз!

            Тараздың мыңжылдық құпиялары ашылды!
            Гүлмарал Үшкемпірқызының мақаласы «Тектұрмас» журналында жарық көрді. «Көне Тараз: Ашық аспан астындағы тарих» атты зерттеу қаланың Қарахан дәуірінен қалған мәдени қабаттары мен жасырын құрылыс орындарын баяндайды.
            Сіз білмейтін Тараз тарихының сырын ашуға дайынсыз ба?
 
 
            Бүгін «Ежелгі Тараз» ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы мен Оқушылар сарайының туристік-өлкетану үйірмесі бірлесе отырып, «Ежелгі Тараз – археологиялық зерттеулер тарихы» атты танымдық көрме өткізілді.
            Көрмеге үйірменің 15-тен астам жас ізденушісі қатысып, көне Тараз қалашығынан табылған тарихи жәдігерлер мен бірегей археологиялық артефактілермен танысты. Көрме барысында қатысушылар ежелгі Тараздың бай мәдени мұрасын, археологиялық зерттеулердің маңызын тереңірек танып, туған өлкесінің тарихына деген қызығушылықтарын арттырды.
            Іс-шара жас ұрпақтың патриоттық рухын, тарихи сана-сезімін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін нығайтуға бағытталды.
 

             Бүгін Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында «Ежелгі Тараз» ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымымен бірлесе отырып, «Жәдігерлер сыр шертеді» атты жылжымалы көрме өткізілді.
             Көрме барысында оқушылар көне Тараз қалашығынан табылған ерекше тарихи жәдігерлер мен археологиялық артефактілерді тамашалады. Музей қызметкерлері оқушыларға ежелгі қаланың тарихы мен мәдениеті туралы қызықты мәліметтер ұсынып, сұрақтарына жауап берді.
             Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мәдени мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады.