Новости
Ағымдағы жылдың 22 қазан күні 25 қазан – Республика күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №63 орта мектебінің оқушыларына «Музей-қорықтар: Кеше. Бүгін. Келешекте» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел аясында музей-қорық қызметкерлері оқушаларды Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстырып, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттап, болашақ ұрпақты қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік пен патриотизмге баулып, отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға шақырды. Сонымен қатар, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарих және мәдениет ескерткіштері жайлы тың ақпараттармен бөлісті. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №49 Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясының оқушыларына «Тараздың көне тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады.
Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Сондай-ақ, оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Жамбыл облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын өңірдің барлық конфессияларының діни бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу мақсатында 2024 жылдың қазан айының 16-сы күні Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы «РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ» арналған діни бірлестіктердің өкілдері мен дін саласындағы сарапшылардың кездесуін өткізді.
Аталған кездесуге өңірдегі Тараз қаласы мен барлық аудандарының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдері, Христиан бағытындағы діни бірлестіктердің өкілдері, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» КММ-нің дінтанушы, психолог және теолог мамандары, облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен БАҚ өкілдері қатысып, 120-ға жуық адам қамтылды.
Аталмыш іс-шараға қатысушы қонақтар кездесуден кейін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Көне-Тараз» тарихи этно-мәдени кешені мен «Ақыртас» сәулет-археологиялық кешеніне экскурсия жасады. Экскурсия барысында қонақтар Жамбыл облысының тарих және мәдениет ескерткіштері жайлы тың ақпараттармен танысып, музей-қорық экскурсоводтарына алғыстарын білдірді.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №63 орта мектебінің оқушыларына «Тараздың көне тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады.
Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Сондай-ақ, оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Ағымдағы жылдың 15 қазан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «ZOOM» бағдарламасында онлайн форматта «Халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-танымдық онлайн конференциясы өтті. Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің тарихшы ғалымдары, Жамбыл өңірін зерттеген Қазақстан археологтары, «Қазқайтажаңарту» РМК мекемесі, республикалық музей-қорық мамандары, өлкетанушылар, тарихшылар, мұғалімдер қатысты.
Конференция мақсаты: Тарихи-мәдени мұралардағы ұлттық этномәдениетті, түпнұсқалықты сақтау және халықаралық тәжірибені пайдалана отырып туризм саласын дамытудың ӛзектілігін талқылау. Сондай ақ Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерін әлемдік деңгейде насихаттау және мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайту болып табылады.
Конференцияға «Тараздың жауһар жәдігерлері» тақырыбында көрме жасақталды. Аталмыш конференцияға Анкара университетінің профессоры, «Жалпы түрік тарихы» кафедрасының меңгерушісі – Абдулла Гундогду «Түркиядағы сауда жолдары мен керуен сарайлары» тақырыбында баяндамасын оқыды. Профессор Абдулла Гундогду: «Тараз қаласының материалдық мәдени мұрасы мен қалалық мұражайдағы жұмыстар бізге түрік-ислам сәулет өнерінің қалыптасу кезеңін көрсетеді. Керуен сарайлар, мешіттер, қабірлер, моншалар сол сәулетті және көркемдік ерекшеліктері 11 ғасырдан кейін Анадолыға көшірілді. Бүгінде Ұлы Жібек жолы бойындағы Кайсери, Сивас, Кония, Анкара, Ақсарай, Бурcа, Ыстамбұл, Эрзурум сияқты Түркия қалаларындағы осындай мысалдар ортақ тарихымыздың тамаша куәгерлері» деді.
Қырғызстан мемлекетінің «Сулейман-ТОО» Ұлттық тарихи археологиялық музей кешені директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары – Хайрулло Ибайдуллаев «Значение гора Сулайман-Тоо как объекта всемирного наследия в Ферганской долине» тақырыбындағы баяндамасымен таныстырды. Хайрулло Ибайдуллаев: «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығымен 3 жылдан бері тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Сіздермен онлайн түрде де еларалық маңызды халықаралық конференциялар, семинарлар өтіп тұрады, баяндамалар оқып, тәжірибе алмасу біз үшін өте маңызды. Бұдан әрі қарым-қатынасты нығайтуға бізді қызықтырады. Бүгін сіздермен Ферғана даласындағы «Сүлейман ТОО» тауларының бүкіләлемдік мұрадағы маңыздылығы жайлы бөліскім келеді» деп айтты.
Өзбекстан мемлекетінің «Шахрисабз» мемлекеттік музей қорығының директоры, тарих ғылымдарының докторы – Наби Олимович Хушваков «Актуальности сохранение и популяризация историко культурных памятников в музей заповедниках Средней Азии» тақырыбында баяндама оқыды. Наби Олимович Хушваков: «В условиях происходящей в мире глобализации сохранение, бережное отношение и передача историко-культурного наследия будущим поколениям в настоящее время обретает всё большую актуальность. С этой точки зрения создание музеев или музеев-заповедников в качестве научных, культурно- просветительских организаций на территории исторического, природного наследия в развитых странах мира считается популярным видом деятель- ности. Вопросы сохранения материального и нематериального культурного наследия, координации работы музеев, совершенствования системы международного туризма основываются на «Конвенции ЮНЕСКО об охране всемирного культурного и природного наследия». что подтверждает приоритет международной значимости научный исследований в избранном направлении» деді.
«Archeo-service» ЖШС директоры – Серік Шаймерденұлы Ақылбек «Әлемдік мұра нысаны – Құлан қалажұртын сақтау және музейлендіру мәселесі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында Серік Шаймерденұлы Ақылбек Құлан қала жұртының тарихымен таныстырды. Сонымен қатар, қалашықтың бүгінгі таңдағы ашылған құндылығын да әңгімелеп берді. «Біз Құлан қала жұртының қазба жұмыстарын оның орталық бөлігінен баста¬дық. Бұл жерде бүгінде үш қала құры¬лысы анықталды. Оның жо¬ға¬рғы қабаты XVII-XVIII ға¬сырларға жататын зират. Жалпы, Ислам дінінде адамды биік жерге жерлеу дәстүрі бар ғой. Сондықтан да бұл жерде Ислам дінін қабылдаған адамдар болған болуы мүмкін деген болжам бар.
Сонымен қатар, «Казархеология» ЖШС-нің директоры – Жұман Егінбайұлы Смаилов «Тараз қаласының тарихтағы орны» тақырыбында, «Қазқайтажаңарту» РМК мекемесінің сәулет және реставрация тобының жетекшісі – Ләззат Серікбаевна Бейсенбаева «Серийная транснациональная номинация Шелковый Путь: Фергана Сырдарьинский коридор. Мониторинг объектов и процесс номинации» тақырыбында, Ә. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы – Александр Николаевич Подушкин «Великий Шѐлковый путь как индикатор културно-исторических связей «восток – запад» тақырыбында баяндамасын, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени музей-қорығының «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және есепке алу» бӛлімінің басшысы – Асылхан Әбдіқалиұлы Кәрім «ХХІ – ғасырдағы Ұлы Жібек Жолы» тақырыбында, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы «Археология ғылыми зерттеу» бөлімінің меңгерушісі – Сәбит Тұрлыбекұлы Пәрменқұл «Көне дәуірдің құлшылық орындары» тақырыбында, Ұлы дала елі орталығына қарасты «Назір Төреқұлов» музей филалының меңгерушісі – Омар Абдуллаұлы Жексенбаев «Жаңа Жібек жолы» жобасының туризм ретінде болашағы» тақырыбында баяндамаларын оқыды. Халықаралық ғылыми-танымдық онлайн конференцияға «Әзірет Сұлтан», «Отырар», «Ордабасы», «Ботай» тарихи-мәдени музей-қорықтарының қызметкерлері, Жамбыл облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру дирекциясы қызметкерлері, тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.
Конференцияда талқыланған негізгі тақырыптар:
– Ұлы Жібек жолы – бейбітшілік, келісім, тұрақтылық және халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы орны мен рөлі
– ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы мен насихатталуы
– Ұлы Жібек жолы бойындағы Тараз қаласының тарихи құндылықтары мен мәдени мұралары
– Ұлы Жібек жолы және қазақ руханияты.