Ғылыми жобаларға арналған семинар
09.07.2025
Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің өкілінің қатысуымен мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуге бейінді ұйымдарға ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыру тәртібін түсіндіру мақсатында семинар өтуде.
Аталған шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаизхан қатысып, кәсіби тәжірибесін тереңдетіп, өз білімін шыңдап жатыр.
Семинарға Министрлікке қарасты музейлер мен музей-қорықтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты мамандары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мәдениет саласындағы ғылыми жобаларды жүзеге асыратын қызметкерлері де қатысуда. Бұл бастама еліміздегі мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.



