«Тәуелсіздік тағылымы – тарихтан бастау алған рух» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының қарияларына арналған «Тәуелсіздік тағылымы – тарихтан бастау алған рух» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қариялар музей қорының құнды тарихи жәдігерлерімен танысып, халқымыздың сан ғасырлық тарихы, мен ұлттық рухани құндылықтар туралы мазмұнды мәліметтер алды. Көрмеге қойылған әрбір жәдігер өткен мен бүгінді жалғап, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы тарихи сабақтастықты айқын көрсетті. Жылжымалы көрме аға буын өкілдері үшін тағылымды рухани кездесу алаңына айналып, олардың тарихи жадысын жаңғыртуға, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесін қадірлеу және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын кеңінен насихаттау болды. Көрме қарияларға рухани қуат сыйлап, ел тарихына деген мақтаныш сезімін арттырған мағыналы шара ретінде өтті.
