Гүлмарал Қамбар «Жамбыл радиосының» «Асыл қазына» хабарына арнайы қонақ болып қатысты
07.10.2025
Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және
ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Қамбар «Жамбыл радиосының»
«Асыл қазына» хабарына арнайы қонақ болып қатысты.
Эфир барысында ол өңір тарихындағы ерекше мәдени мұралардың бірі — Қарақожа мешіті жайлы тың
деректермен, тарихи маңызы мен зерттеу нәтижелері туралы мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
Ұлт тарихын ұлықтау мен киелі мұраларды насихаттау жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын, Гүлмарал!


