Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Ақыртас сарай кешенінің сырлары

09.10.2025
Ақыртас сарай кешенінің сырлары
       Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің бірінші курс студенттеріне  Ежелгі Тараз
ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің
ғылыми қызметкері Мадина Мананбайқызы “Ақыртас сарай кешені: археологиялық зерттеулер мен
тұжырымдар” тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.
       Дәріс барысында студенттер көне Ақыртас кешенінің құрылыс ерекшеліктері, археологиялық зерттеу
нәтижелері мен тарихи мәні туралы тың мәліметтер алды. Мұндай танымдық кездесулер жас ұрпақтың
отансүйгіштік сезімін арттырып, туған өлке тарихына қызығушылығын оятады.
Поделиться: